Беларусь Премьер-лигасының бесінші туры аясында «Рух» футбол клубы «Минскті» 1:0 есебімен жеңді.

«Рух» (Брест, Беларусь) - «Минск» (Беларусь) - 1:0

Гол соққан: Павел Седко 47

Айта кетейік, «Рух» командасын «Ақтөбе» бұрынғы бапкері Александр Седнев жаттықтырады. Ал оның көмекшісі 43 жастағы қазақстандық маман Андрей Ферапонтов. Сонымен қатар, бұл клуб сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев өнер көрсетеді.