«Барыстың» бұрынғы хоккейшісі Мартен Сен-Пьер ҚХЛ-ға қайта оралып, Қазақстан құрамасында өнер көрсеткісі келеді.

Сен-Пьер қаңтар айында словакиялық «Слован» командасының қатарына қосылған болатын.

Ойыншының айтуынша «Барыс» неге хоккейшіге жаңа келісімшарт ұсынбағанын білмейді. Бірақ хоккейші қазіргі кезде мүмкіндік болса «Барысқа» және Қазақстан құрамасына оралғысы келетінін жасырмады.

36 жастағы Мартен Сен-Пьер хоккейдегі мансабында Шефилд», «Йегешмедвек» «Адмирал», «Медвешчак», «Лозанну», «Монреаль Канадиенс», «Зальцбург», «Кярпят», «Нефтехимик», «Оттаву Сенаторз», «Бостон Брюинз», «Чикаго Блэкхокс» және «Химик» командаларында өнер көрсеткен.