Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко виртуалды «Джиро д’Италия» веложарысының бірінші кезеңінде топ жарды.

Спортшылар компьютерге қосылған арнайы велостанок арқылы 32,1 шақырымды бағындырды. Луценко 44 минут 41 секунд уақытымен үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды италиялық Элиа Вивиани жеңіп алса. Үздік үштікті «Астана» велокомандасының өкілі Давиде Мартинелли түйіндеді.

Виртуалды «Джиро д’Италия» жарысы 10 мамырға дейін жалғасатын болады.