Лэйвер кубогы биыл төртінші рет 25-27 қыркүйекке дейін өткізілуге тиіс еді, алайда оның мерзімі 2021 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теннис күнтізбесіндегі өзгерістер басқа турнирлермен, соның ішінде Ролан Гарроспен қабаттасыр кетті.

Енді аталған турнир Бостонда 2021 жылдың 24-26 қыркүйек аралығында өтеді. Лэйвер кубогы бұрын Прагада (2017), Чикагода (2018) және Женевада (2019) өткен болатын.

Еске сала кетелік, Лэйвер кубогы - 2017 жылдан бастап Еуропа және Әлем құрамалары арасында жабық корттарда өткізілетін халықаралық турнир.