Жұма күні Ағылшын премьер-лигасы басшылығы мен 20 клуб мүшелерінің қатысуымен бейнеконференция өтті, бірақ тараптар маңызды шешімдер қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лига әзірге коронавирус пандемиясына байланысты жағдайдың нашарлауына қарамастан, әлі күнге дейін маусымды аяқтауды мақсат етіп отырғандығын айтады. Бельгия мен Шотландияның төменгі лигаларындағыдай чемпионатты мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігі қазір қарастырылмаған.

Чемпионатты қайта жандандыруға және оны аяқтауға әлі мүмкін болмай тұр. Сонымен қатар, бірнеше ойыншылардың келісімшарттары маусым айының соңында аяқталуына байланысты трансфер мәселелері де сол күйінше қалып қойды.

Англиядағы карантин кем дегенде үш аптаға ұзартылды, сондықтан жақын арада қандай да бір жаңа ақпараттың болуы екіталай.