USTA теннис қауымдастығы коронавирус пандемиясы кезінде американдық тенниске қолдау көрсету үшін 15 миллион доллар береді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақша теннис нысандарын қалыпта ұстауға, жаттықтырушылардың жалақысына және жергілікті теннис ұйымдарының жұмысына жұмсалады.

Сонымен қатар, USTA топ-менеджерлерінің жалақысы 2020 жылдың соңына дейін азаяды. Жоғары басшылардың жалақысы 20%, менеджердің жалақысы 15% және 10% төмендетіледі.

Қазіргі уақытта әлемде 2 миллионнан астам індетті жұқтыру жағдайы тіркелген. Инфекция нәтижесінде 137 мыңнан астам адам қайтыс болды, 517 мың адам сауықты.