Underdog спорт агенттігі ең жеңіл салмақ дәрежесінде (56 келі) M-1 Global чемпионы Асу Алмабаевтың жекпе-жектеріндегі ең үздік сәттерді жариялады, деп жазады Prosports.kz.

26 жастағы Асу Алмабаев ММА-дағы мансабын 2013 жылы өткен Rod Fighting турнирінде бастады. Содан бері жеті жыл ішінде файтер 13 жекпе-жек өткізіп, 11-2 көрсеткішін тіркеді.

Былтыр қазан айында өткен M-1 Challenge 105 турнирінде Алмабаев тамаша өнер көрсетіп, ең жеңіл салмақта (56 келі) уақытша чемпион атағын жеңіп алды. Нұр-Сұлтанда өткен бес раундтық жепе-жекте Асу төрешілердің шешімімен канадалық Крис Келадесті жеңді.

Fightmatrix.com беделді порталының мәліметі бойынша, қазақстандық файтер қазіргі уақытта ең жеңіл салмақта әлемдік рейтингте 40-орынға жайғасықан.

Асу Алмабаев пен Сәбит Жүсіпов "Жыл жаңалығы" номинациясына үміткер

Асу Алмабаев: Тәртіп бар жерде нәтиже бар