FourFourTwo порталы (4-4-2) ХХІ ғасырда футбол әлемінде орын алған 50 қақтығыстың тізімін жасады, деп жазады Prosports.kz.

Тартысқа толы футбол матчы қақтығыссыз болмайды. Алаңда ойыншылардың жаға жыртысуы, алаң сыртындағы қақтығыстар, баспасөздегі тартыс - бұның бәрі футболдың маңызды бір бөлігі.

Аталған портал жасаған тізімде Жозе Моуриньо, Златан Ибрагимович, Луи ван Гал секілді қызу қанды азаматтардың аты жиі аталады. Тіпті Ирландия құрамасының бұрынғы ойыншысы Рой Кин мен «Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер тізімге екі рет енген.

Арсен Венгер мен Сэр Алекс Фергюсонның қақтығысы аталған тізімде көш бастап тұр. Ал 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында орын алған Зинедин Зидан мен Марко Матераццидің жанжалы екінші сатыға жайғасты.

FourFourTwo нұсұасы бойынша ХХІ ғасырдағы Топ-10 қақтығыс:

10. Карим Бензема мен Дидье Дешам (Франция құрамасы)

9. Арсен Венгер мен Жозе Моуринью

8. «Ньюкасл» мен клуб президенті Майк Эшли

7. Рой Кин мен Патрик Виейра

6. Лотар Маттеус мен Штефан Эффенберг

5. Николя Анелька мен Раймон Доменек (Франция құрамасы)

4. Рой Кин мен Мик Маккарти

3. Макси Лопес мен Мауро Икарди

2. Зинедин Зидан мен Марко Матерацци

1. Арсен Венгер мен Алекс Фергюсон