«Арсенал» коронавирус пандемиясы кезінде мемлекеттік қолдау жүйесін пайдаланбайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, клуб барлық қызметкерлеріне жалақы төлейді.

«Біз қызметкерлермен бейнеконференция арқылы үнемі байланыста боламыз. Біз жұмыстан шығару туралы ойламағанымызды және жұмыс орындары мен жалақылардың сақталуын қорғауға толықтай көңіл бөлетінімізді білдірдік. Біздің барлық қызметкерлеріміз толық жалақы алады, біз оны жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік қолдау схемасын қолданғымыз келмейді», - деді лондондық клубтың хабарламасында.

Сондай-ақ клуб басшылық уақытша жұмысшылардың жалақысын сәуір айының аяғынан мамыр айының аяғына дейін төлеу бойынша міндеттерін кеңейтіп жатқанын айтты.

«Демек, мұндай қызметкерлерге Премьер-Лиганың кейінге қалдырылған барлық төрт ойыны үшін ақы төленеді және чемпионат қайта басталғаннан кейін олар осы ойындарда жұмыс жасаса, оларға тағы да ақы төленеді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Англия чемпионаты наурыздың ортасында коронавирустың кесірінен тоқтатылды.