Германияның Ұлттық ғылым академиясының президенті Геральд Хауг спорт іс-шаралары алдағы бір жарым жылда өтпеуі мүмкін екенін айтты.

– Жақсы да, жаман да жаңалық бар. Мұның бәрі бірнеше айдан бір жарым жылға дейін созылуы мүмкін, - дейді ол. Неміс ғалымдары әлемдегі және елдегі жағдайды зерттеп, ел билігіне есеп берді.

Айта кетейік, 23 сәуір күні неміс клубтарының басшылары онлайн жиналыста ел чемпионатын мамыр айында жанкүйерсіз жалғастыру шешеді.