Франция президенті Эмманюэль Макрон елдегі карантин мерзімін 11 мамырға дейін ұазартты, деп жазады Prosports.kz.

Карантин мерзімі аяқталғанша футболшылардың жаттығуға оралуына тиым салынған. Демек Франция чемпионаты маусым айынан бұрын басталмайды деген сөз.

Франция Бірінші лигасының басшылары чемпионатты 25 шілдеге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі жағдайға қарағанда, турнир ең тез болғанда 17 маусымда басталуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Франция чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.