«Реал Мадридтің» бұрынғы жұлдыздары Дэвид Бекхэм мен Роналду COVID-19 індетімен күресіп жүрген дәрігерлерді қолдау үшін қаржы жинау мақсатында қайырымдылық футбол матчын өткізбек. Бұрынғы ойыншылар бұл мүмкіндікті Instagram желісіндегі тікелей эфирде талқылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атап айтқанда, Бекхэм мен Роналду өз клубтары арасында (испаниялық «Вальядолид» пен америкалық «Интер Майами») қайырымдылық матчын өткізуді талқылады.

- Біз мұны ұйымдастыруымыз керек. Күн сайын басқалардың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жүрген адамдарға мүмкіндігінше көп ақша жинауға тиіспіз, - дейді Бекхэм.

Еске сала кетелік, Дэвид Бекхэм 2018 жылы «Интер Майами» жаңа футбол клубын құрғанын жариялады. Ал Роналду 2018 жылдың күзінде испаниялық «Реал Вальядолид» акцияларының 51 пайызын иемденіп, клубы президенті атанды.