Мадридтің «Реалы» коронавирус пандемиясына байланысты басталған әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, «Сантьяго Бернабеу» стадионын қайта құру жұмыстарын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Корольдік клуб басшылығы Мадрид муниципалитетінен 570 миллион еуро көлемінде стадионды жаңғырту бойынша құрылысты жалғастыруға ресми рұқсат алды, оның ішіне 360 градустық бейнеэкран мен шатырды жасау бар. Аренаның сыйымдылығы бір орынға, яғни 80 243-тен 80 242-ге дейін азаяды.Қайта қалпына келтіруді аяқтаудың ресми күні 2022 жылдың қазанына белгіленген.

Бастапқыда құрылыс маусым айына жоспарланған болатын, бірақ чемпионатты тоқтата тұру жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын бастауға мүмкіндік берді.