Футболдан Бурунди ұлттық чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бурунди чемпионаты Африка құрлығында пандемияға қарамастан тоқтамаған соңғы біріншілік болатын. Алайда бүгін белгілі болғандай, ел үкіметі барлық спорттық іс-шараларды тоқтатқан.

Осылайша әлемде бар болғаны 4 ұлттық чемпионат жалғасып жатыр. Олар: Беларусь, Тайвань, Никарагуа және Тәжікстан.