Ресей құрамасы мен «Зениттің» ойыншысы Артем Дзюба мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, «Лацио» ресейлік футболшының ойынын бақылаған. Италиялық клуб жазғы трансферде Артем Дзюбаны сатып алу туралы ұсыныс жасауды ойластырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Лацио» Ресей чемпионатында өнер көрсететін бір топ футболшыны бақылап жүр. Олардың ішінде Александр Кокорин мен Сердар Азмун бар.