Коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде қазақстандық зілтемірші Илья Ильин вокалмен айналысып жүр.

Ильин вокалдың қыр-сырын Нью-Йоркта тұратын қазақстандық әнші Диаж Мусалимовтан үйреніп жүр.

Илья Ильин вокал сабағының бір бөлігін инстаграм парақшасында жариялады.