Виртуалды АҚШ ашық чемпионаты аяқталды. Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

US Open виртуалды турнирлеріне жарыстың бұрынғы жеңімпаздары қатысты. Турнирде екі рет жеңіске жеткен теннисшілер де бар. Олар: америкалық Крис Эверт (US Open турнирінің1975 және 1978 жылғы жеңімпазы), сондай-ақ апалы-сіңлілі Винус (2000 және 2001 жж.) және Серена Уильямс (1999 және 2014 жж.).

Әйелдер арасындағы жарыстың финалында ресейлік Мария Шарапова (2006 жылғы турнирдің жеңімпазы) мен аргентиналық Габриэла Сабатини (1990) кездесті. Нәтижесінде аргентиналық теннисші жеңіске жетті.

Финалға дейін Шарапова Маргарет Корт, Жюстин Энен, Мартина Навратилова және Штеффи Графты жеңді.

Ал Сабатини жарыс жолында Серена Уильямс, Крис Эверт (1975), Ким Клейстерс және Эвертті (1978) екінші рет жеңді.