ҚХЛ виртуалды Гагарин кубогын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Батыс конференциясының финалының төртінші матчында «Йокерит» (37 089 дауыс) мәскеулік «Динамодан» (27 218 дауыс) басым түсті. Сериядағы есеп 4-0.

Осылайша, «Салават Юлаев» пен «Йокерит» Гагарин кубогының финалына шықты. Уфалық клуб Шығыс финалында «Сибирьді» 4-0 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Лиганың әлеуметтік желілерінде плей-офф ойындарының виртуалды матчтары дауыс беру түрінде өткізіледі, онда жанкүйерлер матч жеңімпазын таңдай алады.