Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Юсуф Раисов Ушатайка Youtube-арнасына үлкен сұхбат берген болатын. Сұхбат барысында ол қазақстандық Артем Резниковке қарся қашан төбелесетінін айтты.

«Мен Артемның барлық жекпе-жектерін ғаламтордан қарап шықтым. АСА бұл жекпе-жекті ұйымдастырады деп ойлаймын. Артем ешқандай атақты файтерлермен кездеспеген.Хамзат Аушев күшті қарсылас деп айта алмаймын. Әркім өзінің айтқан сөзіне жауап беруі керек. Мен жекпе-жектен кейін артыө әңгіме айтатын адам емеспін. Мен Артемға ескерттім, шектен шығудың қажеті жоқ. Ол мені жекпе-жекке шақырғаннан кейін мен оған бірнеше смс хат жолдадым. Артем әзірге шектен шыққан жоқ.Егер ол сол шектен шығатын болса мен онымен бетпе-бет кездесу үшін барлығын жасайтын едім.Оның мені жекпе-жекке шақырғаны ұнады деп айта алмаймын. Ол ақымақ емес қой, артық кетпейді»,- деді Юсуф Раисов.

Естеріңізге салатын болсақ АСА 105 турниріндегі жеңісінен кейін Артем Резников ресейлік Юсуф Раисовты жекпе-жекке шақырған болатын.