Екінші жеңіл салмақтағы WBC Youth белбеуінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Prosports.kz сайтына берген сұхбатында карантин кезінде қалай жаттығып жүргені туралы айтты. - Сұлтан, карантин дайындығыңызға қалай әсер етті ? - Карантин кезінде отбасыма көбірек көңіл бөлуге тырысудамын. Қазіргі кезде Шымкент қаласында үйде жаттығып жүрмін. - Карантиннен кейінгі жоспар қандай ? - Карантин біткен соң бірлен Лондонға жол тартамын. Сонда менің жаттығу жұмыстарым басталады. Келесі жекпе-жегіме дайындықты бастаймын. Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек жақында ғана шаңырақ көтерген болатын. Сұлтан соңғы жекпе-жегін желтоқсанда қытайлық Лешань Лиге қарсы өткізіп, жеңіске жетті.