Қазақстанның кәсіби футбол лигасы елдегі төтенше жағдай режимінің ұзартылуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз барлық отандастарымызды құзырлы органдардың нұсқауларын орындауға, сабырлы болуға және барлық тиісті алдын-алу шараларын қабылдауға шақырамыз», - делінген ПФЛ сайтында.

ҚФФ басшылығы Қазақстан футбол федерациясының басшылығымен футболдан Қазақстан чемпионатын, ел кубогын, сондай-ақ Бірінші және Екінші лига клубтары арасындағы чемпионаттарды жалғастырудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатыр.