Лондондық «Тоттенхэм» басшылығы шабуылшы Харри Кейнді «Манчестер Юнайтедке» сату туралы шешім қабылдауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешімнің басты себебі жаңа стадион салу үшін клубтың несиелік қарызы болуы мүмкін. Қарыз сомасы - 637 миллион фунт. Сондай-ақ, лондондықтардың басқа ойыншылардың аударымы бойынша жалпы сомасы 83 миллионға қарызы бар.

Клуб басшылығы Кейнді манчестерлік клубқа 200 миллион еуроға сатуы мүмкін.