Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) жарыс күнтізбесін 2022 жылдан ертерек қалыпқа келтіре алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымның ресми мәлімдемесінде басшылық жаңа күнтізбені әзірлеп жатыр делінген.

«Турнирлер кешіктіріліп немесе мүлде өтпейтін болғандықтан, енді Олимпиада және Паралимпиадалық ойындар да 2021 жылға ауыстырылғандықтан, біз ITTF 2020 және 2021 күнтізбелері туралы үнемі ойланып жүрміз. 2020 және 2021 жылдары бізде күрделі сынақтар болады, өйткені бүкіл спорт саласы барлық маңызды оқиғалардың күндерін өзгертеді. Бұл кезеңде біз тек 2022 жылға қарай күнтізбені қалыпқа келтіре аламыз деп үміттенеміз», - деді ITTF бас директоры Стив Дэйнтон.

Еске салайық, ITTF коронавирус пандемиясына байланысты барлық оқиғаларды 30 маусымға дейін тоқтатты.