Ұйымдастырушылар «Джиро д’Италия» веложарысын қазан айында өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Tuttobiciweb-ке берген сұхбатында Италия велоспорт федерациясының президенті Ренато ди Рокко мәлімдеді.

«Біздің мақсатымыз - «Джироны» қазан айында өткізу. Бұл керемет болар еді. Жарысты қайта өткізгіміз келеді, бірақ бұл қадамға денсаулық сақтаудың барлық ережелерін сақтай отырып баруымыз керек», - деді ол.

Айта кетейік, «Джиро д’Италия» веложарысы 9 мамырдан 31 мамырға дейін өтуі керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты белгісіз мерзімге кейінге шегерілген болатын.