Коронавирус індетінің беті әлі қайтпағанына қарамастан, «Реал Мадрид» жаттығуды қайта бастауды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Клуб басшылығы жаттығу басталатын күнді талқылап жатыр. Ал команданың медициналық штабы ойыншылар ұстануға тиісті қауіпсіздік ережелерінің тізімі жасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Испанияда алғашқы болып «Реал Сосьедад» командасы жаттығуға оралған болатын.