Prosports.kz сайтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирінің жартылай финалы өтті.

Назарларыңызға кездесулердің нәтижесін ұсынамыз, әрі белсенді атсалысқаны үшін оқырмандарымызға алғыс айтамыз.

Жетісу - Қайрат

Жетісу - турнирдің басты сенсациясы. Талдықорғандық команда «Карантин Премьер-лиганың» жартылай финалда «Қайраттан» басым түсті. Сайт оқырмандарының 62%-ы «Жетісуға» дауыс берсе, 38%-ы «Қайратты» қолдады. Осылайша, «Жетісу» ақтық сынға жолдама алды.

Астана - Ордабасы

Ордабасы - турнирдегі тұрақты түрде жоғары дауыс жинайтын командалардың бірі. Турнирдің бірінші кезеңінен бастап, шымкенттік команда барлық қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп келеді. Жартылай финалда оқырмандарымыздың 70%-ы «Ордабасыға» дауыс берді. Ал елордалық «Астанаға» 30%-ы қолдау көрсетті.

Финалда «Жетісу» мен «Ордабасы» «кездеседі». Блог жаңартуларын қадағалап, Prosports.kz және QFantasy әлеуметтік желілеріне жазылыңыз.