«Сочи» футбол клубы Ресей Премьер-лигасына жолдама алғаны үшін футболшыларына сыйақы төледі.

Команданың РПЛ-ге шығуына көмектескен барлық ойыншы 87 мың рубль (501 мың теңге) көлемінде бонус алды.

Айта кетейік, «Сочи» сапында 2019 жылдың басынан бері қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров өнер көрсетеді.