Қазақстандық жас қақпашы Владимир Грошев ресми түрде «Атырау» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы футболшы «мұнайшылармен» бірге жаттығу жиындарын өткізді, содан кейін оған келісімшарт ұсынылды. Ол 51 нөмірлі жейдемен ойнайды.

Айта кетелік, Грошевтің мәнсабы «Цеснада» басталған. 2012-2017 жылдары «Қайрат» клубы жүйесіндегі түрлі командаларда ойнады. Ал кәсіби клубтардан «Оқжетпес» пен «Мақтааралдың» намысын қорғады.

Фото: «Атырау» ФК.