«Ювентус» ойыншысы Криштиану Роналду коронавирус пандемиясына қарсы бірігуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы португалиялық Италия және Португалия тулары бейнеленген маскамен суретке түсіп, әлеуметтік желілерге жариялады.

«Әлем қиын жағдайда тұрғанда біздің бірігуіміз және бір-бірімізді қолдауымыз қажет. Қанеки, көмек беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайық», - деп жазды Роналду.