«Зенит» вингері Малком команданың наурыздағы ең үздік ойыншысы атанып, марапатқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Адамнан қулық артылған ба?! Бразилиялық футболшы үйде карантинде отырғанына қарамастан, G-Drive сыйлығын иеленді. Клуб марапатты дронның көмегімен жеткізіп берді. Бұл «арнайы операцияның» видеосын клубтың баспасөз қызметі жариялады.

«Мен «Зениттің» барлық жанкүйеріне алғыс білдіремін. Маған дауыс бергеніңізге рахмет. Мен өте қуаныштымын. Үйде болыңыз», - дейді ойыншы ролик соңында.