«Монако» клубының қожайыны Дмитрий Рыболовлев коронавируспен күресу үшін 80 миллион рубль бөлді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақша Пермь аймақтық әлеуметтік қолдау қорына аударылды. Қаражат қорғаныс құралдары, жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалады.

Рыболовлев Монакода 2011 жылдан бері тұрады. Мамандығы бойынша ол дәрігер және реанимацияда жұмыс жасаған. Кейін бизнеспен айналысып, «Монако» клубын сатып алды.

Қазіргі уақытта әлемде 1,6 миллионнан астам инфекция оқиғасы тіркелген. Инфекция нәтижесінде 96 мыңнан астам адам қайтыс болды, 356 мың адам сауығып шықты.