«Барселона» капитаны Лионель Месси «Интерге» ауысуы жөніндегі ақпаратқа қатысты пікірін айтты.

Футболшы Instagram-парақшасында былай деп жазды: «Фейк. Бірнеше апта бұрын «Ньюэллс Олд Бойз» туралы да осылай жазған еді. Құдайға шүкір, оларға ешкім сенбейді».

Айта кетейік, 32 жастағы Месси «Барселонада» 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.