Түркия құрамасы мен «Барселонаның» экс-қақпашысы Рюштю Режбер денсаулығы туралы айтып берді. Спортшы коронавирус жұқтырып алған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл вируспен әзілдеуге болмайды. Бұл барлық жастағы адамдарға қауіпті.

Мен көп жыл бұрын темекіні тастадым, бірақ темекі шегу сізді коронавирусқа көбірек бейім етеді.

Барселонаның байланыс менеджері Бартомеудің мен туралы сұрап жатқанын айтты», - деді Режбер.