ФИФА ерлер командалары арасындағы рейтингті кезекті рет жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz FIFA.com сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы өткен айда 118-орынға жайғасса, бұл жолы да сол орыннан табылды. Ал Ұлттар лигасындағы қарсыластарымыз Албания 66-орынға жайғасса, Беларусь 87-орында тұрақтаған. Литва 131-орынды місе тұтып тұр.

Айта кетелік, аталған елдер еш өзгеріссіз өткен айдағы орындарында тұр