Елордалық «Барыстың» бас бапкері лауазымына үміткерлердің бірі - Владимир Чебатуркин, деп хабарлайды Prosports.kz Shayba.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 44 жастағы маман ЦСКА-да Дмитрий Квартальнов пен Игорь Никитиннің көмекшісі болған. Соңғы екі маусымда ол ЖХЛ-да өнер көрсететін және армия клубы жүйесінің құрамына кіретін «Звезданы» жаттықтырған.

Ойыншы ретінде Владимир Чебатуркин «Нью-Йорк Айлендерзде, «Сент-Луис Блюз», «Чикагода» «Блэкхоукс», «Ақ Барс», «Нефтехимик» және «Амурда» ойнаған.

Еске сала кетелік, 6 сәуірде «Барыстың» баспасөз қызметі Андрей Скабелка клубтың бас бапкері қызметінен кететіні туралы хабарлаған болатын. Ресми мәлімдемеде «Барыс» басшылығы мен беларусьтік маманның жаңа еңбек келісімі жөнінде ортақ келісімге келе алмайтындығы айтылды.