Миланның «Интері» жазғы трансферлік кезеңде «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиге ұсыныс жасамақ, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Аргентиналық TNT Sports журналисі италиялықтардың белсене кіріскенін хабарлады. Бірақ Лионельдің алғашқы командасы «Ньюэллз Олд Бойз» клубы да атақты ойыншыны сатып алуға үміттеніп отырғанын жасырмайды. Сондай-ақ, миландықтар жартылай қорғаушы Тиаго Альмаданы сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, оның құны 25 миллион еуроға бағаланады.

Естеріңізге сала кетейік, Месси мен Барселона арасындағы келісімшарт 2021 жылға дейін жарамды.