Беделді UFC ұйымының кезекті 249 турнирі аралда емес, Калифорния штатындағы үндістер қорындағы казинода өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Күні кеше UFC президенті Дэйна Уайт UFC 249 турнирі жеке аралды екі айға жалға алғанын және апта сайын жарыс өткізетінін хабарлаған болатын. Алайда New York Times басылымының мәліметіне сүйенсек, 18 сәуірге жоспарланған турнир атлетикалық комиссияның заңы жүрмейтін үндістер қорына жататын аймақта өтеді.

Кештің басты жекпе-жегіне америкалық Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жұдырықтасады. Ал Хабиб Нурмагомедов карантинге байланысты Ресей шекарасынан шыға алмады.

UFC 249 турнирінде кімдер өнер көрсетеді

Елімізде өтетін UFC турнирі кейінге қалдырылады

Тони Фергюсон: Хабибті оңай жеңетін едім