«Реал Мадрид» басшылығы «ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппеді алдағы трансферлік кезедңе сатып алмау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

AS басылымының хабарлауынша, корольдік клуб оны бір жылдан кейін төмендетілген бағамен сатып алмақ. Шабуылшының ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды, сондықтан мадридтіктер оның құны бір жылдан кейін 140 миллион еуроға түседі деп үміттеніп отыр.

Осы маусымда 21 жастағы Мбаппе ПСЖ сапында 33 матч өткізіп, 30 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді. Париждіктер ойыншыға келісімшартты ұзартуды ұсынған, бірақ тараптар әлі келісімге келген жоқ.