Үстел теннисінен командалық әлем чемпионатының өту мерзімі анықталды деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

55-ші командалық әлем біріншілігі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтеді. Әлемдік дода 27 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін созылады. Бұл шешімді Халықаралық үстел теннисі федерациясының атқарушы комитеті қабылдады. Айта кетелік, командалық әлем біріншілігі 22-29 наурызда өтуі тиіс болатын. Алайда, COVID-19 індетіне байланысты алдымен маусымға, кейін қыркүйек айына қалды.