Бүгін UFC 249 турнирінің толық карды жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Америкалық промоушен ресми түрде 18 сәуірде кімдер жұдырықтасатынын атады.
Бұл кеште Тони Фергюсонның Джастин Гэтжиге қарсы жекпе-жек өткізетіні бұған дейін белгілі болған. Бұл кездесуде жеңіл салмақтағы уақытша чемпион титулы сарапқа салынады. Бұдан бөлек, Джессика Андраде мен Роуз Намаюнас арасында маңызды жекпе-жек өтеді. Бұл кездесуді қос қарсылас арасындағы реванш деуге болады. Өткен жылы Джессика Намаюнасты нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақтағы чемпион атанған болатын.
UFC 249 турниріндегі жекпе-жектердің толық тізімі:
Джастин Гэтжи — Тони Фергюсон;
Джессика Андраде — Роуз Намаюнас;
Грег Харди — Йорган Де Кастро;
Висенте Луке — Нико Прайс;
Кэлвин Каттар — Джереми Стивенс;
Жаирзиньо Розенструйк и Фрэнсис Нганну;
Юрая Холл — Жакаре Соуза;
Александр Эрнандес — Омар Антонио Моралес;
Марлон Вера — Рей Борг;
Майкл Джонсон — Хама Ворти;
Сиджара Юбэнкс — Сара Морас;
Райан Спанн — Сэм Алви.
UFC 249 турнирінің өтетін орны әлі жарияланған жоқ.
Комментарии