Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) маусым айында жағажай волейболынан Римде өтуі тиіс бесжұлдызды әлемдік тур кезеңін өткізбейді.

Аталған турнир 9-14 маусымға жоспарланған болатын. Ал 7-12 шілде күндері Швейцарияда өтуі тиіс бесжұлдызды әлемдік тур кезеңі әзірге ауыстырылмайды.

Сәуір, мамыр және маусым айларында Сингапурда, Қытайда, Польшада және Ресейде өтуі тиіс төртжұлдызды турнирлер толығымен өтпейтін болды.

Алдағы жарыс Портулагияның Эшпиньо қаласында жоспарланған (15-19 шілде).