«Атырау» футбол клубы соңғы онжылдықтағы үздік құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. Өткен жылдың аяғында 2009-2019 жылдар аралығындағы символикалық құрамды жасау әлемде сәнге айналған болатын. Біз де содан қалыс қалмай, өз нұсқамызды ұсынуға тырыстық - деп жазылған клубтың инстаграмдағы парақшасында.