Бразилиялық Неймар екінші жаз қатарынан «ПСЖ-дан» өзің Испанияға жіберуді сұрап жүр.

«ПСЖ» 28 жастағы жұлдызды футболшының клубтан кететініне көнді. Осы жазда француз клубы мен Неймар арасындағы келісімшарттың аяқталуына бір жыл ғана қалады. Сондықтан париждіктер үш жыл бұрын «Барселонадан» 222 миллион сатып алған футболшыны, католондықтардың өзіне қалай тиімді сатудың жолын іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, коронавирус кесірінен Чемпиондар лигасы тоқтамастан бұрын, «ПСЖ» турнирдің ширек финалына жолдама алған еді.

Неймар «Барселона» сапында 2013-2017 жылдар аралығында өнер көрсетті. 2015 жылы католондықтар қатарында Чемпиондар лигасына жеңіп алды.