Жартылай орта салмақтағы WBO Oriental белбеуінің иегері қазақстандық кәсіпөой боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев Prosports.kz сайтын берген сұзбатында карантин кезіндегі жаттығулары қалай өтіп жатқанын айтып берді. - Карантин кезінде уақытыңыз қалай өтіп жатыр? - Карантин кезінде отбасыммен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік туды. Басқа кездк мен әрқашан сыртта жүремін, жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өте көп. - Қазіргі кезде қайда және қалай жаттығып жүрсіз ? - Үйде жаттығу жасауға тырысып жүрмін. Таңертең жүгіргенді ұнатамын. Спорттық формамды жоғалтпау үшін әртүрлі жаттығулар жасаймын және дұрыс тамақтанамын. - Осы жылғы басты мақсатыңыз қандай ?

- Бала кезімнен чемпион болуды ойлайтынмын. Қазіргі чемпионмен жұдырықтасқым келеді. - Қанат Ислам - Хайме Мунгия жекпе-жегіне болжамыңыз ? - Мен Қанат Ислам жеңеді деп ойлаймын.Ол біздің үлкен ағамыз десем болады.

Естеріңізге салатын болсақ Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 14 тамызда Сидней қаласында өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен Стив Гагоны жеңген болатын.