«Манчестер Юнайтед» футбол клубының жартылай қорғаушысы Джесси Лингард маусым соңында лондондық «Арсенал» ойыншысы атануы мүмкін. Комасын жаңадан жасақтап жатқан Микель Артета футболшыға қызығушылық танытуда. Биылығы маусымның бірінші бөлігінде Лингард негізгі құрам ойыншысы болатын. Алайда екінші бөлігінде ол қосалқы құрам ойынышысына айналды. Алаңға тек қосалқы құрамнан шығып жүрді. Сол үшін де футболшы командадан кетуді ойлап жүр. Қазіргі кезде футболшының агенті ретінде Мино Райола қызмет атқарады. Белігілі transfermarkt.com порталы футболшыны 22 миллионға бағалап отыр.