Мадридтегі АТР турнирінің ұйымдастырушылары турнирді қыркүйек айында Франция ашық біріншілігінің алдында өткізуді жоспарлап отыр. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы мен әйелдер теннис қауымдастығы барлық жарыстарды 7 маусымға дейін коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатқан болатын. Сол мерзімге дейінгі барлық жарыстар кейінге шегерілді немесе мүлде өтпейтін болды. Теннисшілер қауымы пандемия кезінде үйде жаттығуға мәжбүр.