Қостанайлық «Тобылдың» ойыншысы Максим Федин трансферлік терезенің соңғы күнінде қызылордалық «Қайсармен» келісімшартқа отырды.

23 жастағы жартылай қорғаушы биылғы маусымды «Қайсарда» жалда өткізеді. Жалға беру мерзімі - 2020 жылғы маусымның соңына дейін

Максим Федин - Павлодар футбол мектебінің түлегі. «Бәйтерек», «Спартак» (Суботица), «Атырау» және «Оқжетпес» командаларында ойнаған.