Жоғарғы хоккей лигасында бақ сынайтын «Торпедо» келесі маусымда команда тізгінін кімнің ұстатынын анықтады.

Қазақстандық ұжым қазіргі бас бапкері Алексей Ждахинмен келісімшартын ұзартты. Осылайша ол тағы бір маусым «Торпедоны» жаттықтырады.

Айта кетейік, ЖХЛ-да өскемендік ұжым сегізінші орын алса, Петров Кубогының бірінші раундында жеңіліс тапты.