Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі Инстаграмдағы ресми парақшасында суперауыр салмақ дәрежесі бойынша WBA Super, WBO, IBF нұсқаларының әлем чемпионы Энтони Джошуаның Кубрат Пулевпен жекпе-жегі кейінге қалғанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 20 маусымда Лондон қаласында «Тоттенхэм» футбол клубының аренасында өтуге тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты айқас кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, промоутерлердің аталған жекпе-жекті қай күнге ауыстыратыны туралы ақылдасып жатқаны белгілі болды. Ол әлі де «Тоттенхэм» стадионында өтуі мүмкін.

Айта кету керек, Энтони Джошуа - Кубрат Пулевпен жекпе-жегінің өтпей қалуы бір бұл емес. Олар 2018 жылы қайта кездесуі керек еді.