«Қайсардың» жанкүйерлері қақпашы Марсель Исламкуловты қызылордалық команданың наурыздағы үздік ойыншысы деп таныды.

«Марсельге жанкүйерлердің 41% дауыс берді. Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы екі матчында Марсель өз қақпасына гол жібермеді. Сонымен қатар, бірінші турда қақпашы 11 метрлік соққыны қайтара алды», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.